ГККП "КАРАКИЯНСКАЯ ЦЕНТРАЛЬНАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА" УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Мангистауская обл.,Каракиянский район, село Курык, 2 мкр. дом № 2.
Приемная: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Главная Гос. служба Правила служебной этики государственных служащих 2016 жылдың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

2016 жылдың Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ

2016 жылдың  Қазақстан Республикасының  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы Заңының» талаптарын орындау мақсатында 2016 жылдың 01 сәуірінде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының штаттық бірлігі өзгертілді. Жаңа штаттық бірлікке «Мемлекеттік қызмет көрсету, құқықтық жұмыстар және мемлекеттік қызмет бойынша» бөлімі құрылды. Бұл бөлімге жалпы конкурспен 2016 жылдың 24 маусымында екі бас маман жұмысқа қабылданды, 2016 жылдың 01 шілдесінде ішкі конкурспен бөлім басшысы тағайындалды. Бұл бөлімнің қызметтік міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі.  

2016 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлыс жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын жүзеге асыру барысында, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен ішкі іс-шаралардың орындалуын камтамасыз ету туралы 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік жоспары бекітілді.

Бұл жоспар бойынша 7 іс-шара жасақталып белгіленген болатын.

Жоспарға сәйкес 7 іс-шара негізінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:

1) Басқарманың және басқармаға бағынысты мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы бөлімдердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету – бұл іс-шара бойынша – ресми сайтта арнайы бөлім ашылды http://dsb.mangystau.gov.kz/;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін түсіндіру бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері үшін семинарлар мен консультациялар жүргізу – бұл іс-шара бойынша – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін түсіндіру бойынша халық пен кәсіпкерлік субъектілері үшін 23 семинарлар мен консультациялар жүргізілді;

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу кезінде азаматтардың құқықтарын түсіндіре отырып, ақпараттық тақталарды әзірлеу – бұл іс-шара бойынша – басқармада және оған бағынысты мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша ақпараттық тақталарды әзірлеп орнатылған;

Басқармаға қарасты 28 амбулаторлық-стационарлық медициналық ұйымдарда екі тілде, орыс және қазақ тілінде әзірленіп, орнатылған.

4) Халықтың әртүрлі топтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындаған фактілер болған жағдайдағы іс қимыл тәртібін, сондай-ақ мұндай фактілерге жол бергені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамаларды әзірлеу және тарату – іс-шара орындалды, жадынамалар әзірленіп, барлық медициналық ұйымдарға таратылды;

Басқармаға қарасты  облыстық медициналық ұйымдарға 2015 жылы – 7450 дана жадынамалар таратылды, оның 2450 данасы түрлі түсті қағазда, 5000 данасы ақ-қара форматта әзірленіп, таратылды. 2016 жылы – 7000 дана жадынама таратылды, оның 3000 данасы түрлі түсті қағазда, 4000 данасы ақ-қара форматта әзірленіп, таратылды.

5) Жеке және заңды тұлғалардың хаттары үшін «сенім телефондарының», почта жәшіктерінің дұрыс жұмыс істеуі тәжірибесін тарату – Бүгінгі таңда CALL-орталық және Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің 34 маманы Коммуникативтік дағдылар бойынша республикалық диагностикалық орталық мамандарымен оқытылды.

Сондай-ақ, 5 медициналық ұйымда жергілікті CALL-орталықтар жұмыс жасайды  (АҚЕ№1, АҚЕ№ 2, ЖҚЕ№2, Мұнайлы ОАА, Түпқараған ОАА).

Сонымен қатар, көрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында, облыстың 31 медициналық мекемесінде Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі  құрылды.  Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі  шеңберінде, науқастар мәселелерін «дәл қазір және осы жерде» қағидасымен шешу мақсатында Сенім телефоны ұйымдастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың СALL-орталықтары мен Сенім телефондарына 58305 қоңырау келіп түскен, оның 96%-ы (55936) анықтамалық, 4%-ы (2369) арыз-шағымдық сипатта. Арыз-шағымдық сипаттағы қоңыраулардың 3%-ы сапасыз қарауға, 3%-ы сапасыз емге, 0,7%-ы тегін медициналық көмектің қолжетімділігі жөнінде, 2%-ы уақытында тегін дәрі-дәрмекпен қамтылмау жөнінде, 6%-ы этика-деонтология талаптарының сақталмауына, 15%-ы емдік-диагностикалық шаралар бойынша медицина қызметкерлерінің түсіндермеуі, 10 %-ы регистратура жұмысындағы және БМСК ұйымдарында пациенттерді қабылдаудағы кемшіліктер, 7%-ы мамандар кеңесін алуға жолдау бойынша, 9%-ы дәрігер қабылдауына жазылу бойынша, 8%-ы шақыртулар бойынша үйден көмек көрсетуге, 5%-ы БМСК ұйымдарына тұрғындарды тіркеуге, 0,3%-ы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы алу туралы, 3%-ы ауруханаға жатқызу жөнінде, 0,7%-ы стационар мен қабылдау бөлімі жұмысындағы кемшіліктер, 6%-ы маманның жұмыс орнында болмауы, 4%-ы медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігі жөнінде,  0,3%-ы материалды-техникалық базаның жеткіліксіздігі жөнінде, 4%-ы бағдарламалық кешендердегі (АПП, РПН, ИСЛО, БГ) жұмыс жылдамдығының төмендігі, 0,3%-ы мүгедектік жөнінде, 11%-ы басқа себептер.

6) Мемлекеттік сатып алудың шынайлығын қамтамасыз ету іс шарасы  бойынша «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріндегі сатып алулар арнайы ашылған ресми сайтта конкурс беріліп, тендер жүрігізіліп отыр;

2015 жылдың 21 қыркүйегінде № 205 бұйрықпен «2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық – санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушісін таңдау рәсімін өткізу туралы» № 205 бұйрықпен комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінен, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінен, ардагерлер одағынан және облыстық медициналық ұйымдарының қызметкерлерінен құрылды.

2015 жылдың 02 қарашыасында «2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша қызметтер берушілерді және қосалқы мердігерлерді таңдауды өткізу туралы» № 228 бұйрығы бекітілді. Бұл бұйрық негізінде 2016 жылы 6 отырыс өткізілді. 

7) Басқарма басшысының БАҚ-та, оның ішінде Басқарма құзыреті шегінде теледидарда сөз сөйлеуін ұйымдастыру іс-шаралары Басқарма басшысының БАҚ-та, оның ішінде Басқарма құзыреті шегінде теледидарда сөз сөйлеуі ұйымдастырылды. «Қазақстан –Ақтау» телеарнасында 3 рет – «Ашық әңгіме», «Ашығын айтайық» және «Көзбе-көз» тікелей эфирге шықты. «Маңғыстау» газетінде – 1 рет, «Маңғыстау дәрігері» газетінде – 3 рет, «Лада» газетінде – 2 рет, «Не хабар» газетіне – 1 рет мақалалары басылып шықты.

2017 жылдан бастап басқармада баспасөз қызметі ашылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2016 жылғы 19 наурызындағы № 62 бұйрығымен бекітілген «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша» кешенді жоспарының 20 тармағын орындау мақсатында, 2016 жылдың 28 қазанында өңірлік телеарнаға және бұқаралық ақпарат құралыдарына  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл Агентттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім, Денсаулық, жер қатынастары басқармаларының қатысуларымен «Көрсетілетін қызметтердің сапасының негізгі көрсеткіштері туралы хабардар ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың құқықтары туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы азаматтарды хабардар ету» бойынша бірлескен брифинг өткізілді. Бұл брифинг 2016 жылдың 08 қарашасында № 193 «Маңғыстау» газетінде басылып шықты.

2016 жылдың 29 желтоқсан айында «Денсаулық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген тақырыбы бойынша «Маңғыстау» газетіне мақала шықты. Бұл мақалада  18 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша ақпараттар ұсынылды. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының, оған қарасты медициналық ұйымдардың тұрғындарға 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Көрсетілетін 18 мемлекеттік қызмет түрлері қосымша жалғанды.

Басқарма басшысы медициналық қызметтің ашықтығын, жариялылығын, тиімділігін, қолжетімділігін насихаттау мақсатында тұрғындармен ай сайын кездесулер ұйымдастырып отыр. 2016 жылға – 4 кездесу өткізілді; Ақтау қаласында, Жаңаөзен қаласында, Мұнайлы және Маңғыстау аудандарында тұрғындармен кездесу өткізілді.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының, оған қарасты медициналық ұйымдардың тұрғындарға 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Мемелекеттік қызметтердің атауы

2016 жылға МҚ-дің көрсетілген саны

1

«Дәрігерді үйге шақыру»

132299

2

«Дәрігердің қабылдауына жазылу»

396691

3

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу»

45729

4

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»

  122849

5

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»

5189

6

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»

20896

7

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

19042

8

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»

85723

9

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»

15282

10

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»

87110

11

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»

8435

12

12

«Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың бiлiктiлiгін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттарды беру»

187

13

«Медициналық қызметке лицензия беру»

196

14

«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»

67

15

«Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру»

13

16

16

«Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық- санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау»

0

17

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау»

6

Оның ішінде 13,14,15 және 17 тармағындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері, яғни «Медициналық қызметке, Фармацевтикалық қызметке, Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру», «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау»  Басқармамен көрсетіледі.

Регистрация

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

Вход

Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32