ГККП "КАРАКИЯНСКАЯ ЦЕНТРАЛЬНАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА" УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Мангистауская обл.,Каракиянский район, село Курык, 2 мкр. дом № 2.
Приемная: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ

Халыққа онкологиялық көмек көрсету сапасын арттыру: «Жасыл дәліз» онкологиялық аурулардың алғашқы белгісінде қалай жұмыс істейді? ​

Егер сіз алғаш рет онкологиялық аурумен бетпе – бет келсеңіз және не істеу керек, қайда бару керек, қандай талдаулар мен зерттеулерден өту керек екенін білмесеңіз, келесіні есте сақтауыңыз керек: ​ ​

​Бірінші кезекте тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша емханаға жүгіну қажет. Мамандардың консультациялары және амбулаториялық жағдайларда қатерлі ісік (ҚІ) ауруына күдіктелетін пациенттерді тексеру «Жасыл дәліз» ​ бойынша жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

​Қатерлі ісік ауруына күдік болған жағдайда пациентке МРТ және КТ тегін жасалады. Сондай-ақ, сіз өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңыз арқылы тіркелген емханаға барып (МСАК) осы және басқа да тексеру түрлеріне жолдама ала аласыз; ​

Диагноз қою мақсатында ҚІ ауруына күдіктелетін пациенттерді тереңдетіп тексеру онкологиялық орталыққа жүгінген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, емдеу тактикасын нақтылау және терапияны дербестендіру мақсатында 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ҚІ бар пациентті мамандандырылған онкологиялық орталықта (онкодиспансерде) емдеу диагноз қойылған және динамикалық бақылауға алынған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей басталады.

Онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, диагностикалауды және емдеуді мемлекет төлейді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде пациентке ештеңе төлеудің қажеті болмайды.

 

Регистрация

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

Вход

Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32