ГККП "КАРАКИЯНСКАЯ ЦЕНТРАЛЬНАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА" УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ

Мангистауская обл.,Каракиянский район, село Курык, 2 мкр. дом № 2.
Приемная: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Қазақстанда медициналық ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталады

Қазақстанда медициналық ұйымдарға еркін тіркелу науқаны басталады

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті еркін таңдау науқаны басталды. Ол екі айдың көлемінде 15 қарашаға дейін жалғасады.
Қазіргі уақытта қызмет алып жатқан медициналық ұйым жұмысы қанағаттырмаған жағдайда, емхананы еркін таңдау арқылы тіркелуі үшін аталмыш акция тұрғындар үшін жыл сайын өткізіледі, ал нарық қатысушылары, оның ішінде жаңадан қосылған ұйымдар келесі жылы халыққа қызмет көрсету мақсатында тапсырыс алады.
Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі қазақстандықтар үшін консультациялық-диагностикалық қызметтерге, ауруханаға жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық жолдамаларды қоса алғанда денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді.
Егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған болса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
МСАК ұйымына үш тәсіл арқылы тіркелуге болады:
– тікелей таңдалған медициналық ұйымға жүгіну арқылы,
– электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде
– халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініш беру арқылы.
Қазақстан халқына ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету үшін тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін көрсетілетін “Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту” мемлекеттік қызметі іске қосылды.
МСАК ұйымы жеке тұлғаларға өз бетінше немесе “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті ұсынады.
МСАК ұйымына жүгінген уақытта азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет және сол жерде бас дәрігердің атына өтініш жазуы тиіс.
Бекітілуші еgov.kz. порталы арқылы тіркелген кезде авторизациядан өтіп, электрондық өтінімді толтыру қажет. Қызмет көрсетудің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тоқталатын болсақ, онда тіркеу рәсімін өзіне-өзі қызмет көрсету пунктінде “Connection Points” арқылы электрондық форматта жүзеге асыруға болады.
Азаматтардың кейбір жекелеген санаттары тікелей емханаға бекітіле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басты куәландыратын құжатты қоса беру қажет. Аталмыш санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедек жандарға заң бойынша тағайындалған қорғаншылар немесе қамқоршылар, сондай-ақ патронат тәрбиешілер; жазасын колонияларда (өтеу орны бойынша) өтеп жүрген сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар, бекітуді сенімхат бойынша ресімдейтін адамдар жатады.
Тіркеу науқаны – емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі емес. Бұл рәсімді жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырған жағдайда, басқа елді мекенге көшкен болса немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса, жойылса және басқа да жағдайларда емхенаны ауыстыруға құқылы.
Жыл сайынғы бекіту науқанын өткізуге бақылау мен жауапкершілік аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына жүктелгендігін атап өткен жөн, егер медициналық ұйымның өзі азаматтардың көңілдерінен шығатындай етіп жауап бере алмаған және шешім шығара алмаған жағдайда, тіркелушілер көкейлеріндегі сұрақтарын, шағымдары мен ұсыныстарын аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына жолдауға болады.
Мәлімет үшін айта кететін болсақ, тіркелуге болатын барлық емханалардың тізімін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтынан “Клиниканы таңдау” бөлімінде алуға болады.
Егер сізде медициналық қызметтерді алуға байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, өтінішті қордың ресми кері байланыс арналары – 1414 байланыс орталығы, “Qoldau 24/7” мобильді қосымшасы, қордың www.fms.kz сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot арқылы қалдыруыңызды сұраймыз.

Регистрация

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

Вход

Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32