МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Басты бет Мем. қызмет Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының ережелері ШЖҚ МКК “Қарақия орталық аудандық ауруханасы” қызметкерлерінің этикалық кодексі

ШЖҚ МКК “Қарақия орталық аудандық ауруханасы” қызметкерлерінің этикалық кодексі

Денсаулық  сақтау саласы қызметкерінің Этикалық кодексі кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру барысындағы медициналық және әлеуметтік қызметкердің тәртібінің этиқалық нормалар мен ұстанымдарының жиынтығын құжат болып табылады. Осы  Кодекс  денсаулық  сақтау саласы қызметкерінің қоғаммен және емделушімен қатынасын анықтайды. Жеке  тұлғаның және жалпы қоғамнын құқықтарын, қадір-қасиеттерің, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталады, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерінің қоғам алдындағы өз қызметіне жоғары моральдық жауапкершіліғін анықтайды.

1 БӨЛІМ.  Жалпы қағидалар.

ШЖҚ МКК “Қарақия орталық аудандық ауруханасы”қызметкерлері өз қызметінде келесі моральді және этикалық қағидаларды басшылыққа алу керек:

1.  осы Кодексті басшылыққа алуға;

2.  Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;

3.  тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;

4.  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;

5.  өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;

6.  өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;

7.  өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;

8.  еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;

9.  денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;

10.сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;

11.қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;

12.жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;

13.басқа да денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тарапынан Этикалық кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;

14.өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.

Пациенттермен қарым-қатынаста денсаулық сақтау саласының қызметкерлері:

1.  жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

2.  мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;

3.  адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;

4.  азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;

5.  пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;

6.  өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға;

7.  өзінің денсаулығын сақтауға ынтымақты жауапкершілік қағидаттарын түсіндіруге тиіс.

Өз әріптестерімен қарым-қатынаста денсаулық сақтау саласының қызметкерлері:

1)жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;

2)пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;

3)басқа денсаулық сақтау саласы қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;

4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.

5)денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің Этикалық кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады.

6)денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша денсаулық сақтау саласы қызметкерінің Этикалық кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.

2 БӨЛІМ.  Медициналық қызметкердің жол беруге болмайтын әрекеттері. 
1. Медициналық қызметкер құқылы емес:
– өз білімін және мүмкіндіктерін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
– негізсіз медициналық шараларды жүзеге асыруға немесе оларды іске асырудан бас тартуға;
– емделушіні жазалау, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық іс-әрекеттерді қолдануға;
– емделушіге философиялық, діни және саяси көзқарастары бойынша өз пікірін таңуға;
– емделушіге немқұрайлықпен немесе салақтықпен физикалық, адамгершіліктік, материалдық залал келтіруге және осындай залал келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне селқос қарауға құқықты емес.
2.  Дәрігердің жеке наным-сенімдері және басқа да кәсіби емес себептер емделушінің диагнозын қоюға және оны емдеуге әсер етпеуі керек.
3.  Емделушінің  ұсынылған ақылы медициналық қызметтерден бас тартуы олардың сапасы мен қолжетімділігінің азаюының, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде оған тегін ұсынылған медициналық көмек түрлері мен ауқымдарының азаюының себебі бола алмайды.
4. Емделушілерден  сыйлықтар алуға және беруге болмайды, өйткені сыйлық бере алмайтын және алмайтын емделушілерде оларға қамқорлық тиісті деңгейде көрсетілмейді деген сезім тууы мүмкін. Сыйлықтардың көрсетілген қызметтер үшін алынуына немесе берілуіне болмайды. Қолдағы ақша немесе бағалы сыйлықтарды алуға тыйым салынады.
5.  Медицина  қызметкері қызметін өз мүддесінде қолдануға, емделушінің эмоциялық күй-жайын пайдаланып, онымен мүліктік шарттар жасасуға, оның еңбегін жеке мақсатта қолдануға, парақорлықпен және бопсалаушылықпен айналысуға құқығы жоқ.
6. Медицина  қызметкері ем тағайындау кезінде емделушіге қолданыстағы дәрі-дәрмектер, медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы дәйексіз, толыққанды емес немесе бұрмаланған ақпаратты беруіне, сонымен қатар емделушіден төменірек бағаланатын дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың болуы жөніндегі ақпаратты жасыруына құқығы жоқ.  7. Медицина қызметкері дәрі-дәрмектерді дайындайтын және тарататын фирмалардан өздерінің ұсынған дәрі-дәрмектерін тағайындағаны үшін сый-тартуын қабылдауына, медициналық ұйым аумағында компанияның логотипі немесе дәрі-дәрмектің медициналық ұйымының саудалық атауы бар заттарын қолдануына болмайды.

Кәсіби тәуелсіздік.
Медицина қызметкерінің құқығы мен борышы – өзінің кәсіби тәуелсіздігін сақтау. Жаңа туған нәрестелерге және егде адамдарға, мүгедектерге, әскери қызметкерлерге және азаматтық тұлғаларға, жоғары дәрежелі басшыларға және абақтыдағы тұлғаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсете отырып, өзінің кәсіби шешімі үшін жауапкершілікті толық өзіне алады, сондықтан әкімшіліктен, емделушілерден және басқа да тұлғалар тарапынан болған қандай да бір қысым әрекеттеріне төтеп беруі тиіс.
Егер Қазақстан Республикасының Заңына, этикалық ұстанымдарына, кәсіби борышына қайшы болатын іс-әрекеттер талап етілетін жағдайда денсаулық сақтау саласының қызметкері қандай да болмасын жеке және заңды тұлғамен бірлесе қызметтесуден бас тартуы тиіс.
Сараптауларға, консилиумдарға, комиссияларға және т.б. қатыса отырып, денсаулық сақтау саласының қызметкері өзінің ұстанымдары туралы ашық жариялауы, өз көзқарастарын дәлелдеуі, оған қысым жасалынған жағдайда заңдық қоғамдық қорғауға жүгінуі қажет.

3 БӨЛІМ.  Медицина қызметкері мен пациенттің өзара қатынастары1. Емделушінің ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлау
Медициналық қызметкер емделушінің ар-намысын және қадір-қасиетін сыйлауы, оған және оның жақын адамдарына ілтипатпен және шыдамдылықпен қарауы қажет.
Емделушімен дөрекі және адамгершілікке жатпайтын қатынас құру, оның адамгершілік қадір-қасиетін төмендету, сонымен қатар емделушілердің қайсыбіріне үстемділікпен қарау, қайсыбірін тәуірлілеу санау немесе жек көру қасиеттеріне жол берілмейді.
Медицина қызметкері пациенттің қадір-қасиеті мен намысын, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеп, оған мейіріммен қарап, туған-туысқандарының науқас жағдайына алаңдаушылық білдіруіне түсіністікпен қарауы қажет, бірақ айтарлықтай кәсіби қажеттілік болмаса пациент пен оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне кіріспеуі тиіс.
2. Медицина қызметкері емделушінің қадір-қасиеті мен ерік-жігерінен айыру жағдайында медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.
3. Егерде, пациент-қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделер жанжалы болған жағдайда, олар пациентке немесе оның айналасына тікелей зиян келтірмесе, медицина қызметкері пациенттің мүддесін артық көруге тиісті.
  Медицина қызметкері барлық медициналық және оған тапсырылған жеке басты ақпаратты құпияда сақтайды деп есептеуге пациент құқылы. Тексерілу мен емделудің барысында алынған мәліметтерді, оның ішінде медициналық көмекке жүгіну фактісін де медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатысыз жариялауға құқылы емес.
Медицина қызметкері медициналық құпияны жариялауға жол бермейтін шараларды қолдануы тиіс. Пациентке қатысты кез келген ақпаратты, тіпті ол қаза болған жағдайда, дәрігерлік құпияда ұстау керек. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана медициналық құпияның жариялауы мүмкін болады.
Пациент өз денсаулығы жөнінде толыққанды ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуына да болады немесе денсаулығы жөнінде хабарлайтын адамды ұсынуы тиіс.
Егер ол пациент денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру қауіпі бар деген толық негіз болса, пациенттен ақпаратты жасыруға болады. Бірақ пациенттің анық білдірген талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпаратты беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда өмірінің ұзақ болуына, аурудан айығу мүмкіндігіне үміт қалдырып, ақпаратты барынша абайлап жұмсартып жеткізу қажет.
Егер пациент саналы түрде өз келісімін бере алмаса, оған үнемі қамқор болып жүрген адам немесе заңды өкілі беруі тиіс.

Дәрігерлік құпия
1. Әр пациент жеке құпиясының сақталуына құқылы және дәрігер, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуші басқа да тұлғалар медициналық құпияны сақтауға пациент қайтыс болған жағдайда да міндетті, егер науқас басқадай өкім ұсынбаса дәрігерлік көмекке жүгіну фактісі де құпия болуы тиіс.
2. Құпия емдеу барысында және қарану барысында (диагноз, емдеу әдісі, болжамы және т.б.) алынған барлық мәліметтерге міндетті болып табылады.
3. Пациент жөніндегі ақпарат жария болу жағдайлары:
— пациенттің өзінің айқын жазбаша келісімі бойынша;
— тексеріс, прокуратура, сот органдарының мүдделі талабы бойынша;
— егер құпияны сақтау пациент өмірі мен денсаулығына немесе басқа тұлғаларға (қауіпті жұқпалы аурулар) қауіпті болса;
— егер емдеуге басқа маман шақырылып, бұл ақпарат кәсіби тұрғыда қажет болса.
4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауға міндетті.
5. Пациент жөніндегі мәліметтерді білуге құқығы бар тұлғалар барлық алған мәліметтерді құпияда сақтауға міндетті.
6. Ғылыми зерттеулер барысында, студенттерді оқыту және дәрігерлердің білімдерін жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету оның келісімі бойынша ғана жүзеге асады.

Өлім аузындағы пациенттің моральдық қолдауы.Медицина қызметкері қайтыс болайын деп жатқан адамның азабын барлық қолжетімді және заңды жолдарымен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациенттің тілегі бойынша кез келген діни конфессия қызметшісінің рухани қолдауына кепіл беруге міндетті.

4 БӨЛІМ.  Медицина қызметкерлерінің ара-қатынастары
Медицина қызметкерлерінің ара-қатынастары қадірлестік пен сенім қасиеттерінде құрылу керек, және пациенттің мүддесін сақтауымен сипатталуы қажет.
Медицина қызметкері өз әріптестерімен қатынасқанда адал, әділ, әдепті, мейірімді болу керек, олардың білімі мен тәжірибесіне құрмет таныту, сонымен қоса олармен өз білімі мен тәжірибесімен риясыз бөлісуге дайын болу керек.
Медицина қызмеркерлеріне басшылық жүргізудің моральдық құқығы кәсіби құзыреттілік пен мол адамгершіліктің жоғары деңгейін талап етеді.
Әріптестің атына айтылған сын қорлаусыз және дәлелді болуы тиіс. Сынға әріптестің жеке тұлғасы емес, оның кәсіби әрекеттері жатуға тиіс. Әріптестерді қаралау жолымен өзінің абыройын нығайту әрекеттерге жол беруге болмайды. Медицина қызметкерінің пациенттер мен олардың туыстары алдында әріптестер туралы, олардың жұмысы жөнінде келеңсіз пікірлер айтуға құқығы жоқ.
Өмір бойы медицина қызметкері оны кәсіби шеберлікке үйреткен адамға деген құрмет пен ризашылығын сақтап өтуге міндетті.
Медицина қызметкерлері бір-біріне құрмет пен мейірімділікпен қарауға МІНДЕТТІ.
Медицина қызметкері көпшілік алдында басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне сенімсіздік білдіруге немесе беделін түсіруге құқығы жоқ.
Клиникалық қиын жағдайларда тәжірибелі дәрігер тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде көмек көрсетуі тиіс. Бірақ емдеу үдерісіне толық түрде емдеуші дәрігер жауапты, ол өз әріптестерінің ұсыныстарын алуға немесе одан бас тартуға құқылы және бұнда науқастың мүддесін басшылыққа алуы тиіс. Дәрігер басқа әріптестерінің емделушілерінің оған ауысуына жағдайлар тұғызбау керек.

Орынд: ШЖҚ МКК “ҚОАА” эпидемиолог-дәрігері Айдарбаева Ә.Б

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз