МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Басты бет Мем. қызмет Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының ережелері “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығы. Тақырып жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен

Ескерту. Жалықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс

“Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан

Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережесі бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті

Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 156 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереже

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Ескерту. Мәтін бойынша “Министрлік”, “Министрліктің” деген сөздер, тиісінше, “Агенттік”, “Агенттіктің” деген сөздермен ауыстырылды – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері (бұдан әрі – Әдеп жөніндегі кеңес) Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

2. Әдеп жөніндегі кеңес өз қызметін “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы “2015 жылғы 23 қарашадағы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, объективтілік пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады.

 

3. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс органы Агенттіктің аппарат басшысы Агенттіктің аумақтық органының құрылымдық бөлімшелері қатарынан айқындайтын хатшылық болып табылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

4. Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс регламентін Агенттіктің төрағасы бекітеді.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 05.10.2016 № 349 Жарлығымен.

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз