МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы

Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттерінеқойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары);

2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануғатиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзегеасыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адалқызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс.

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” 2015 жылғы 23қарашадағы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚазақстанРеспубликасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттікқызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақолардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсізмінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауаптыхатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауаптыхатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардыңбасшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардыңғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы Кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда таныстырылуға тиіс.

2. Мінез-құлықтың жалпы стандарттары

5. Мемлекеттік қызметшілер:

1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;

2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;

5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігінекедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;

7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзініңқызметін жақсарту үшін пайдалануға;

8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтікжағдайын пайдаланбауға;

9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттікменшікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғанапайдалануға;

11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарапжәне сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға,мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдарұстануға;

13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгенқұқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;

10) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

6. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктердіқоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оныңішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің,басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.

3. Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары

7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:

1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық,оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсанкелтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

4. Қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары

8. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:

1) ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықтыорнату мен нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесугенемесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;

3) ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;

4) әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.

9. Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:

1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;

2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;

3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларынқолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;

4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітушіліктің жәнеқол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалдықалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзініңқызметтік дәрежесін пайдаланбауға;

6) құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларынажат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;

7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

10. Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер:

1) басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсынуға;

2) өздеріне мәлім болған қызметтік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар туралы басшылыққа және әдеп жөніндегі уәкілгедереу хабарлауға;

3) басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздікті)болдырмауға;

4) басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың қызметтік мүмкіндіктері есебінен пайдажәне артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиіс.

5. Көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарындасөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары

11. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.

12. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметі мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:

1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;

2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;

3) мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруінеболмайды.

13. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердіңқызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органныңатынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметбойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзегеасыра алады.

14. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдынданегізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімдеоны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Әдеп жөніндегі уәкіл туралыЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттікқызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасынқамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттікқызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” 2015 жылғы 23 қарашадағы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі уәкіл орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентінетікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулымемлекеттік органдарды қоспағанда), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астанаәкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

3. Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүктеуді орталық атқарушы органдарда – орталықатқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушыоргандардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушыоргандардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттікоргандардың басшылары, жергілікті атқарушы органдарда – облыстар, республикалық маңызы барқалалар және астана әкімдері аппараттарының басшылары жүзеге асырады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттікқызметшіге жүктеледі.

2. Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары

4. Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтаумәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;

3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардыңөтініштерін қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;

5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, олардықорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларынбұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органныңбасшылығына хабарлайды;

8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органныңбасшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақмемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен жәнемемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерментүсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларынбұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;

12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

5. Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауғақажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;

2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттікқызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексініңнормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі –уәкілетті орган) заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;

3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;

4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жекеістерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

6. Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда неол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы уәкілетті органға не оныңаумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

Уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі мұндай хабарлама келіп түскен кезде ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті шаралардықолданады.

3. Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін ұйымдастыру

7. Мемлекеттік орган басшыларының бейтараптығы негізді күмән тудыратын, лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кездеәдеп жөніндегі уәкіл өз қызметін дербес негізде жүзеге асырады.

8. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінің нәтижесі бойынша уәкілетті органға есеп береді.

Есеп беру нысанын және мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

9. Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндейжерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылыне тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдалануменжүргізілуі мүмкін.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинетжәне телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсындажәне мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.

10. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір ретуәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 153 Жарлығына

ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күшіжойылған кейбір жарлықтарыныңТІЗБЕСІ

1. “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы” ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 19, 225-құжат).

2. “Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы” ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығы (Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).

3. “Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерісенгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 30, 365-құжат).

4. “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы” ҚазақстанРеспубликасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы”Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығы (ҚазақстанРеспубликасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 786-құжат).

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК__

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз