Басты бет › Корпоративное управление › Денсаулық сақтау бойынша Есеп
Денсаулық сақтау
Қарақия ауданы халқына медициналық көмекті 85 төсектік құрамында емхана бөлімімен Қарақия аудандық орталық ауруханасы, 75 төсектік құрамында емханасымен Жетібай аудандық ауруханасы, 5 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, 2 медициналық пункттер көрсетеді.
2019 жылдың 1 қаңтарына Қарақия аданының халық саны медициналық есеп нәтижесінде- 35 737,
Миграциялық процесстерге байланысты 2018 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (35 936 адам) 199 тұрғынғакеміді.Жетібай,Мұнайшы және Сенек елді мекендері бойынша халықтың қалаға көптеп қоныс аударуы байқалады.
2017-2018 жылдары ауданның демографиялық жағдайына төмендегі факторлар әсер етті:
Туу көрсеткішінің өсуі (1000 тұрғынға шаққанда) : 2017 жылы 30,8-тен 2018 жылы 31,3-ке өсті. Абсолюттік көрсеткіштер 2018 жылы 1127 сәби дүниеге келсе ,2017 жылы бұл көтсеткіш 1088 ді құрап,есепті кезеңде -39 сәбиге өсті.
Өлім жітім көрсеткіштерінің төмендеуі (1000 тұрғынға шаққанда): 2017 жылы 3,6 дан 2018 жылы 3,2-ке төмендеді.Абсолюттік сан 2018 жылы 116 адам,2017 жылы-127 адам.
Халықтың табиғи өсімі коэффициентінің 1000 тұрғынға шаққандағы өсуі: 2018 жылы +28,1, 2017 жылы +27,4 болды.
2017 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.2018 жылы 1 ана өлімі тіркелді.Көрсеткіш 88,73 промильді құрады. Ана өлімі Облыстық перинаталдық орталықта болды,Жетібай ауылының тұрғыны.
Таблица 1. 2017-2018 жылдардағы аудан бойынша денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері
көрсеткіштер
|
2017 жыл
|
2018 жыл
|
Ааналар өлімі жітімі 100 мың тірі туғандарға шаққандағы саны
|
–
|
88,73
|
Нәрестелер өлім жітімі, 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны, промилле
|
8,3
|
8,9
|
Қатерлі ісік аурушаңдығы 100 мың тұрғынға шаққандағы саны
|
102,1
|
102,9
|
15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы 100 мың тұрғынға шаққандағы саны
|
0,02
|
0,02
|
Соңғы жылдары аудан бойынша 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәрестелер өлім жітімі көрсеткішінің 0,6 промилге өсуі байқалады.
Өткен жылдарда онкологиялық патологиялардың таралуы өсуі мен өлім жітімі көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. 100 мың тұрғынға шаққандағы онкопатологиямен аурушаңдық 2017 жылы 102,1 ден 2018 жылы 102,9-кеөсті. Бұл скринингтік тесерулердің нәтижесінде 1-2 стадияда ерте анықталғандар санының өсуімен түсіндіріледі. 100 мың тұрғынға шаққандағы онкопатологиядан өлім жітім көрсеткіші 2017 жылы 83,4 тен 2018 жылы 61,5-ке төмендеді.
100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 2017 жылы 76,6 дан 201869,5 -ке дейін төмендеді.Туберкулезден өлім жітім 100 мың халыққа шаққанда 2017 жылы 5,6 ден 2018 жылы 2,8 ге төмендеді.
Тегін берілетін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне бөлінген қаражат 2018 жылы 132 млн.теңгені құрады. Ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмектерге қол жетімділігін арттыру мақсатында, аптекасы жоқ елді мекендерде тегін берілетін дәрі-дәрмектерді бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелер арқылы тарату ұйымдастырылды.2018 жылы аудан бойынша дәрігерлер саны – 71 құраса, 10 мың халыққа шаққандағы тұрғындардың дәрігермен қамтылуы 01.01.2019 жылға 19,8 болды.
10 000 халыққа шаққандағы тұрғындардың орта буын медициналық қызметкерлермен қамтылуы 01.01.2019 жылы – 92,0 құрады. 2018 жылы 6 маман жұмысқа орналасты.
Саланы дамытудың SWOT – анализі
Күшті жақтары (S):
2.Онкологиялық аурулардың өлім-жітімінің төмендеуі 3.Туберкулезден аурушаңдық пен өлім-жітімнің төмендеуі 4.Орта буын қызметкерлерімен қамтылуы
|
Әлсіз жақтары (W):
|
Мүмкіндіктері (O):
|
Қауіптері (T):
|
Ауданның денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелері:
Ұрпақты болу жасындағы әйелдер мен балалардың денсаулық индексінің төмен болуы
Ана олімінің болуы
Нәрестелер өлім жітім көрсеткішінің жоғары болуы:
Халықтың әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылығының жоғарғы деңгейде болуы: қатерлі ісік, туберкулез;
Кадр мәселелері;
Денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық келісушіліктің төмен нәтиже беруі;
Тұрғындар тарапынан өз денсаулығына жауапкершіліктің жетімсіздігі.
Мақсаттарға жету жолдары:
Аналар мен балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру жолдары:
Аналар өлім жітімін болдырмау жолдарын облыс мамандарымен бірлесе отырып шешу;
Аудандық емханада ересектер мен балаларға көрсетілетін медициналық реабилитация қызметін дамыту;
Ауданда аналарға көрсетілетін консультация диагностикалық қызметтің қолжетімділігін арттыру;
Аудандық емханада отбасын жоспарлау қызметінің белсенділігін арттыру;
Ауданның перзентхана және бала денсаулығына жауапты мекемелеріне жұмысқа жас мамандарды тарту және оларды аудан әкімі тарапынан берілетін әлеуметтік көмекпен, пәтермен қамтамасыз ету;
Аудандық емханада шалғай орналасқан елді мекендердегі әйелдерге көмек көрсететін дәрігерлік бригадалар құру.
Мамандардың жоспарлы түрде білімін жетілдіру
Материалдық- техникалық базаны жақсарту : аудандық ауруханаларға КТГ,ИВЛ аппараттарын алу,эксперт класындағы УДЗ алу
Емханаларда Прогрессивті патронаж қызметін енгізу
Қауіпті топтағы босану жасындағы әйелдерді контрацепциямен қамтамасыз ету.
Жүкті әйелдерді пренаталдық скринигпен 100 пайызға қамту
Туберкулезбен аурушаңдықты және оның таралуын төмендету жолдары:
Туберкулезді ерте және дәл анықтау үшін диагностиканың инновациялық әдістерін қарқынды қолдану (балалар арасында – диаскинтесті);
Науқастарды адекватты химиотерапиямен қамтамасыз ету;
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын емделуден бас тартқан науқастарды мәжбүрлі емге жіберу;
Туберкулезбен ауыратындарды аудан әкімінің әлеуметтік пакетімен қамтамасыз ету;
Туберкулез науқастарды инфекциялық статусына байланысты санаттарға бөліп емдеу.
Онкологиялық аурулармен аурушаңдықты және өлім жітімді төмендету жолдары:
Онкологиялық саласының үйлестірушісі болып табылатын аудан онколігінің жұмысын жандандыру;
Халықтың мақсатты топтарының арасында: сүт безі, жатыр мойыншасы, енек безі, тоқ ішек рагін ерте анықтауға жүргізілетін скринингтік тексерулердің сапасын арттыру;
Аудандық емханаларда көзге көрінетін қатерлі ісіктерді және қатерлі ісікке әкелетін ауруларды (тері рагі, қалқанша без рагі, енек рагі, тоқ ішек рагі) ерте анықтау мақсатында еркектерді тексеру кабинеттерінің жұмыс сапасын арттыру;
Аудандық емханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мамандарының онкопатология мен қатерлі ісікті ерте анықтауға білімдерін жетілдіру, қатерлі ісіктерге әкелетін ауруларды аудандық емханаларда жүйелі түрде емдеу
Адамның иммун тапшылығы вирусының таралуын төмендету жолдары:
Адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясының профилактикасы туралы халықтың, әсіресе жастардың, жүкті әйелдердің, еңбек мигранттарының арасында ағарту жұмыстарын жандандыру;
Аудандық емхана психосоциальдық консультация қызметінің халықты адамның иммун тапшылығы вирусы инфекциясына ерікті тестілеуге мотивациялау мақсатындағы жұмыстарын жандандыру.
Дәрігерлік кадр тапшылығын жою және оның біліктілігін көтермелеу жолдары:
Кадрларды тұрақтандыру мақсатында пәтермен және аудан әкімі тарапынан берілетін әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету;
Қолданыстағы медициналық кадрларды ұстап қалуға және жас мамандарды тартуға бағытталған іс шаралардың жалғасуы;
Медициналық қызметкерлерді пәтермен қамтамасыз ету.
Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.
Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.
Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.
Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.