МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Басты бет БМСК Тіркеу нұсқаулығы

БМСК ТІРКЕУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Жол сілтегішөз емханаңызды таңдаңыз!

Не үшін емханаға бекітілу қажет?

Емхана – алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым.

Пациент емханада қандай қызметтер ала алады?

Олар – учаскелік дәрігерлердің және тар шеңберлі мамандардың қабылдауы, дәрі-дәрмектік емдер мен емдеу шараларын тағайындау, диагностика және медициналық қарап тексеру, балалардың және жүкті әйелдердің патронажын жүргізу, дәрігерді үйге шақыру және «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарда емделуге жолдау.  

Басқаша айтқанда, емхана – қандай да бір медициналық көмекті алуға «кіретін қақпа». Сол себепті, алғашқы медициналық ұйымды таңдау және Сіздің шындығында қайда бекітілгеніңізді тексеру өте маңызды. Өйткені, бізде іс жүзінде халықтың бір бөлігі бір қалада, ауданда өмір сүрсе, басқа мекенжайда тіркеуде тұрады. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсетуде қиындықтар туындайды.

Пациенттің дәрігер мен емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана отырып, біздің азаматтар алғашқы медициналық ұйымды тіркелген жері, сонымен бірге тұратын жері бойынша бір қаланың немесе кенттің шегінде таңдай алады.

Алайда, уақытша немесе тұрақты қызмет көрсету үшін емхананы таңдау кезінде оның Сіздің үйіңізге жақын орналасуы туралы ұмытпаған жөн.

Емхана неғұрлым жақын болса, Сіз де тез жетесіз, сонымен қатар Сіздің емдеуші дәрігеріңіз де үйге шақырған кезде жылдам келеді.  

Емханаға бекітілгеніңізді қалай тексеруге және қалай ресімдеуге болады?

Сонымен, Сіз емхананы таңдадыңыз. Оған қалай бекітілуге болады?

Мұны істеу – тым жеңіл. Сіз емханаңа өзіңіз барып, тіркеу бөліміне жүгініп, медициналық ұйымның бас дәрігерінің атына еркін нысанда өтініш жазып, жеке куәлігіңіздің көшірмесін (төлқұжат, туу туралы куәлік) ұсына аласыз. Сізді емханаға бекіту 30 минут ішіндересімделеді. Сіздің деректеріңіз «Бекітілген халық тіркелімі» порталына енгізіліп, Сіз медициналық қызмет көрсету алаңында ресми түрде пайда боласыз.

Емханаға бекітудің екінші тәсілі Интернеттің тәжірибелі пайдаланушылары үшін қолайлы. «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы, азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған деректерді көретумен электрондық құжат түрінде сұрау жолдауға болады. Емханадағы жауапты қызметкер электронды сұрау салуды тиiстi ақпараттық жүйелерден алады және тiркеу туралы талонды электронды түрде рәсiмдейдi.

Тұрғылықты жер мен Сіз автоматты түрде бекітілген емхананың сай келмеуі сияқты «тосынсыйларды» болдырмау үшін, өз ЖСН-ыңызды біле отырып ақпаратты әрқашан Egov порталы арқылы «Емхананы таңда» бөлімінде тексеруге болады. 

Адамныңтек бiр емханада тiркеле алатындығын, бiр уақытта бiрнеше емханада тiркелу мүмкiн еместігін білген жөн. Тікелей жүгінген кезде азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына бекіту кезінде, бұрын бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымынан бекітуден шығару «Бекітілген халық тіркелімі» порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

Азамат дәрігерді немесе емхананы еркін таңдаған кезде, емханаға бекіту және бекітуден шығару жылына кем дегенде бір рет болады.

Денсаулық жағдайы бойынша өз бетімен емхана келуге мүмкіндігі жоқ тұлғаларды бекіту, клиника атына жазбаша өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Шұғыл жағдайларда жүгінген кезде, Сіз кез келген емханадан, оған бекітілместен қызмет ала аласыз. Ол емханаға келесі рет жүгінген кезде, көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, емханаға тіркелу қажет болады.

Егер адам денсаулық жағдайы және ауру сипаты бойынша емханаға қабылдауға келе алмаса, медициналық көмек үйде көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақыру телефон бойынша немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны көрсетпестен тікелей жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Әр емхана өзіне бекітілген халықтың денсаулығы үшін жауапты болады!

Сіздің емханаңыз – МӘМС-ға «кіретін қақпа»

Сіздің емханаға бекітілуіңіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені, дәл емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, және дәлірек айтқанда болашақ сақтандырылған азаматтар үшін – сақтандыру медицинасының аясында медициналық қызметтер пакетіне «есік» ашылады.

Бекіту науқанының барысында елдің әр тұрғыны өзінің алғашқы медициналық ұйымға тиістілік фактісін анықтап ғана қоймай, өзінің санаты туралы да жариялауы қажет. Мысалы үшін, Сіздің кім екеніңіз – жалдамалы жұмыскер, дара кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат, ресми табысы жоқ немесе немесе тіркелмеген жұмыссыз екеніңіз туралы.

Ертең сақтандырылушының мәртебесін алумен және қажетті медициналық көмек алумен байланысты қиындықтар туындамауы үшін, осының барлығын қазір анықтаған маңызды.

Сіз міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу жағдайлары, жарналардың мөлшері және ақы төлеу схемасытуралы ақпаратты тіркеу бөліміне немесе арнайы кабинеттегі медициналық қызметкерлерге жүгіну арқылы ала аласыз.

Жақын маңдағы емханадан медициналық сақтандыру туралы консультация алыңыз

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз