Қарақия аудандық емханасы
1 маусым — балаларды қорғау күні мерекесін ерекше атап өтті. Емхана ауласын мерекеге сай безендіріп, балаларға қуаныш сыйлады. Онда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында асфальтқа сурет салу сайысын өткізді. Сайысқа емхана қарамағындағы 7 учаскеден балалар қатысып, “Мен бақытты баламын!” тақырыбында асфальтқа сурет салды.
Ең үздік суреттер бағаланып, барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ асфальтқа сурет салуға денсаулығы көтермесе де, үйде отырып сурет салған үш балаға емхана қызметкерлері өздері барып құттықтап, сыйлығын табыс етті.
Шараға ұйымдастырушы дәрігерлер, ата-аналар атсалысып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, естелік суретке түсті.
Сонымен қатар бүгін емханада балалар денсаулығын қорғауға байланысты ашық есік күні өтіп, кезектен тыс дәрігерлік қабылдау болды.
Балаларды қорғау — ұлт мұраты.
Барлық бала бақытты, дені сау болуға лайықты!