Қарақия аудандық орталық аурухана және орталық емхана ұжымы бүгін сенбілікке шықты. Ақ халаттылар айналаға тазалық жұмысын жасап, ағаштар мен гүлдердің түбіндегі топырағын қопсытып, су құйды.
– Әр сенбіде таза ауаға шығып айналаны абаттандыру, өзімізге де тың серпін береді, – дейді аурухана қызметкерлері.
Көктеммен бірге көгеріп келе жатқан жасыл желек — табиғаттың сыйы әрі денсаулықтың кепілі.