Қайырлы күн, достар!
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация туралы ең жиі қойылған сұрақтарға берген жауаптарының жарияланымдарын жалғастырамыз.
Қазақстанда вакцинация және ревакцинация үшін COVID-19-ға қарсы вакциналардың қандай түрлері бар?
КВИ-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация үшін QazVac, Ѕіnорһаrm, Comirnaty/Pfizer вакциналары бар. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы немесе Қазақстан аумағында 3 ай және одан да көп уақыт тұратын шетел азаматтары көрсетілген барлық вакциналарды қолдана отырып, вакцинациялаудың бастапқы курсын, сондай-ақ ревакцинацияны ала алады.