Бүгін, Қарақия ауданындағы мектептерде «Адам папилосасы вирусына қарсы екпе» бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Жиынға аудан мектептерінің директорлары, мұғалімдер мен білім бөлімінің мамандары, медицина қызметкерлері қатысты.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр, Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлшат Шорбасова, Қарақия орталық аудандық ауруханасының басшысының м.а Шәміл Нәдір «Адам папилломасы вирусына қарсы төрт валентті “Гардасил” вакцинасын пайдалану ережесі» бойынша түсіндірді. 11 жастағы қыз балаларға салынатын бұл екпе, өңірде 30-қыркүйек күні бастау алады. Жиын соңында, сала мамандарына сұрақ қойылып, пікір алмасты.