Хабарландыру
«Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізі құқығындағы (ШЖҚ) «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК директорлық міндеті бос лауазымына конкурс жариялайды. Қазақстан Республикасы, 130300, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы, 2 шағын аудан, 2 ғимарат.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Медицина саласында жоғары білім. Экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы. Немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсына алады:
6.Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты:
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады және мына мекен жайға әкелініп тапсырылуы қажет: Қарақия ауданы, Құрық селосы, 2 шағын аудан, 2 ғимарат.
Конкурс өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаған болса, сұхбаттасуға жіберілмейді.
Конкурс өткізу орны: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, № 100 ғимарат.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесу кестесі ШЖҚ «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК сайтында орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8/72937/ 21132, 21175, электронды мекенжай: srb-2009 @mail.ru