МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Елде қызылша өршіп тұр. Біздің ауданда да жағдай жақсы емес

Елде қызылша өршіп тұр. Біздің ауданда да жағдай жақсы емес

Елімізде қызылша дерті өршіп тұр. Біздің ауданымызда да жағдай мәз емес. Бүгінде  аудан бойынша жыл басынан бері  500 ден астам адамның қызылшамен ауырғаны анықталды. Оның көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Эпидемиялық ахуалдың бұлай ушығуы дертке қарсы жаппай иммундауды қажет етіп отыр. Өйткені, ауру жұқтырған балалардың көбі вакцина алмағаннан болып отыр.

Осы орайда, ауданымыздың  тұрғындарымен “Қызылша ауруына қарсы екпе алу” тақырыбында барлық ақпарат құралдары арқылы , оқу орындары немесе білім ошақтарында ата-аналармен , оқушылармен  түсінік жұмыстары жүргізілді. Онда аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен аудандық аурухананың учаскелік дәрігерлері, жалпы тәжірибелі дәрігерлер меңгерушісі, эпидемиолог, мекеме басшысы , мектеп медбикелері Қызылша ауруының жұғуы, одан қорғану үшін екпе алу керектігі жөнінде түсіндірме жұмысы жүріп , шақыртылды.

– Қазіргі уақытта ауданда аурудың алдын алудың жалғыз жолы – қызылшаға қарсы екпе алу (иммундау күні) жүргізілуде.  Сондықтан «сақтықта қорлық жоқ» деген, балаларыңызды екпеге әкеліп, вакцина салдырып алғандарыңыз абзал. Қазірде екпе (вакцина) салуға қарсы дін жолындағысы бар, басқасы бар ата-аналар көбейіп келеді. Баланың өмірін ұзарту үшін қолданатын екпенің зияны жоқтығын жер-жерде айтып жүр. Жалпы екпенің зиянынан пайдасы көп екеніне көз жеткізе аламыз. Себебі, осы екпенің арқасында талай бала өлімнен аман қалып жатыр. Бүгінде қызылша ауруы балалар арасында өршіп тұр. Әлеуметтік желіден түрлі нәрселерді көріп, екпеден басын алып қашуға еш негіз жоқ. Көптеген ата-ана екпе алуға рұқсат бермеген.

Қызылша өте жоғарғы дейңгейде жұқпалы инфекция ауруының бірі. Әсіресе,  жөтелгенде, түшкіргенде ауа арқылы тез таралады.  Пневмония, түрлі қабыну, отит секілді , соқырлыққа дейін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Бүгінгі таңда қызылшаны емдеудің өзіне тән емі жоқ, сондықтан мұндай қауіпті инфекциядан сақтанудың жалғыз жолы – тек вакциналау болып отыр.

Халық арасында қызылшаның таралуының алдын алу және елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында «Қызылшаға қарсы санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы» бас мемле¬еттік санитариялық дәрігердің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысы шығарылды. Көрсетілген қаулыға сәйкес биыл қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға және бұрын алмаған 6 жастан жоғары балаларға қосымша жаппай иммундауды жүргізу басталды. Бүгінде аудан көлемінде Қарақия орталық аудандық ауруханасында , Жетібай ауылдық ауруханасында , Ақниет және Абылхайрыхан емханасында сондай ақ аудан көлеміндегі барлық Дәрігерлік және фельдшерлік амбулаторияларда қызмет етіп , 890 балаға. Ауру тараудың алдын алу мақсатында жүкті аналар мен балаларды ауру таралуы мүмкіндігі көп жерлерге бармауға , сақтану шараларын ұстануға шақырамыз. Ендеше, ауырып ем іздегенше,  ауырмаудың жолын ізденейік, ағайын!

 

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз